ҚЫЗЫЛОРДАДА «АВТОБУС» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Облыс көлемінде 2018 жылғы 22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 590.9-бабы негізінде (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 33 автокөлік жүргізушісіне 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынып, уақытша шектеу шарасы ретінде мемлекеттік белгісі алынды.
Атап айтқанда, жолаушылар тасымалымен айналысатын «ГАЗ» маркалы автокөлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі