БАУЫРЫН ӨЛТІРГЕН ҚЫЛМЫСКЕРГЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 27 жастағы сотталушыға қатысты айыптау үкімі жарияланды. Бұл туралы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 21 қазан сағат 08.00 шамасында жәбірленуші сотталушымен спирттік ішімдік іші, соңы жан-жалмен аяқталады. Соталушы жәбірленушінің қыспағынан ыңғайын тауып шығып, стол үстінде тұрған асхана пышағымен қаруланып, жәбірленушіні 7 рет ұрады. Оның екеуі кеуде қуысына еніп, өміріне маңызды органы - өкпесін зақымдаған. Одан кейін, сол жақ мойын тұсынан 3 мәрте күштеп ұрып, ауыр дене жарақаттарын салып, адам өлтірген.
Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.