ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Тренингке ҚАЖ департаментінің санитарлық эпидемиолог маманы С.Кенжеғұлова және ЗК-169/1 мекемесінің психолог маманы Г.Жылқаманова мен мекеменің медицина бөлімінің бастығы Г.Асилова қатысты. Тренинг барысында «Дені саудың жаны сау» тақырыбы аясында және өмір сүру құндылықтары мен денсаулықтың маңыздылығы жөнінде баяндамалар оқылып, «Өмірге құштарлықты ояту» тренинг жаттығулары жүргізілді.