ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әділет департаментінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқылауға арналған жиын өтті.
Басқосуға арнайын қатысқан ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкері М.Ысқақов Жолдаудың тоғызыншы бағытындағы жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы хабарлама жасады. Осы департаменттің бөлім басшысы Е.Тәжікенов халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыра түсетіндігіне тоқталды.
Әділет департамент басшысы Қ.Сапаров Президенттің Жолдауында айтылған негізгі бағыттар мен мәселелер бойынша алда тұрған міндеттерді жүзеге асыруға шақырып, іс-шараны қорытындылады.
Қызылорда облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі