ЕЛ ТІЛЕГІ ӘРДАЙЫМ ЕСКЕРІЛЕДІ
Былтыр әкімдердің ел алдындағы есебінде Арал ауданының Ақирек ауылдық округіне қарасты «Қаһар», «Шолақарық», «Кеңесарық» каналдарын тазалау және Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі «Нұралы» каналына су реттегіш тоспа салу мәселесі көтерілген болатын.
Бұл нысандар облыстық коммуналдық меншікке 2016 жылы қабылданған. Аталған каналдарға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін «Аймақтарды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 2018 жылға 7,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
Ұзындығы 4,5 шақырымдық «Қаһар» каналы мен 6,7 шақырым болатын «Шолақарық» каналы Ақирек ауылдық округін, ал «Кеңесарық» каналы Бекбауыл ауылдық округін аяқсумен қамтамасыз етеді.