ОӨАЖҚЖ 16 ЖЫЛДА 3396 АДАМДЫ ҚҰТҚАРДЫ
Биыл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құрылғанына 16 жыл толып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 маусымдағы №1037 қаулысына сәйкес ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы құрылды.
2002 жылы қаңтар айының 25-і күні Әділет министрлігінде тіркелді. Содан бері бұл күн құтқару жасағының күні болып есептеліп келеді.
Жасақ құтқарушылары осы уақыт аралығында талай мәрте іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, өздерін білікті маман ретінде көрсете білді.
Жасақ құрылған күннен бастап құтқарушылар 8679 шақыртуға шығып, 3396 адамды құтқарып қалды. Сонымен қатар төтенше жағдай аймағынан 33310 адам эвакуацияланып, 213 зардап шегушіге көмек көрсетілді.
Тек 2017 жылдың ішінде құтқарушылар 649 әртүрлі сипаттағы шақыртуға шығып, онда 151 адамның өмірін арашалап қалды.
Ұжым сан мәрте түрлі марапат иеленді. Өткен жылы Төтенше жағдайлар комитетінің 2017 жылғы үздік жедел – құтқару жасағы» VII республикалық конкурсы қорытындысы бойынша комитет грамотасымен марапатталды.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы