SPELLING BEE САЙЫСЫ

Жарысқа жалпы Оңтүстік аймақтардан 40-қа жуық студент қатысты.
Соның ішінде, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Шетел тілдері және аударма» кафедрасынан 7 студент қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынды Алматы қаласы, Сүлейман Демирель университетінің студенті, 2-орынды Алматы қаласындағы Азаматтық Авиация академиясының студенті және жүлделі 3 орынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті, АЯ-14-3 оқу тобының студенті Арынгазы Газиза иеленді.
Жеңімпаздардың барлығы 30000 және 20000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы иеленіп, ақпан айында Астана қаласында өткізілетін Республикалық сайысқа жолдама алды. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.