ДИАБЕТПЕН АУЫРАТЫНДАРҒА ТЕСТ-ЖОЛАҚТАРДЫ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІ ЖЕТКІЗЕТІН БОЛДЫ

Бірыңғай дистрибьютордың тендер қорытындысы бойынша жылдың қалған айларына 1,1 млрд. теңгеден астам қаржыға тағы 570 мың тест-жолақтар сатып алынады.
Қазіргі кезде тест-жолақтары және глюкометрларды шығаруды және жеткізуді отандық өндіруші «Аксель и А» жүзеге асырады.
2015 жылы 7 жыл мерзімге жасалған ұзақ мерзімді шарт шеңберінде мемлекет бұл өндірушіден глюкометрлар мен тест-жолақтарын сатып алады, сондай-ақ отандық жеткізуші сатып алу рәсіміне қатыса отырып, Бірыңғай дистрибьютордың тендерлерінің нәтижесінде абсолютті артықшылықтарға ие болады.
Айтпақшы, 2017 жылы қазақстандықтар отандық өндірушінің тест-жолақтары және глюкометрларымен 1,16 млрд. теңгеге қамтамасыз етілді.