ЕЛ ҚАЛАУЛЫСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Жоба аясында Рахмановтар отбасының тұрмыс жағдайы зерттеліп, олардың көмірсіз отырғаны анықталды.
Мектептің әлеуметтік педагогы Гүлжазира Жалғасбекқызы «СМП-Қызылорда» ЖШС басшысы, облыстық мәслихат депутаты Теміржан Әлімқұловтан осы отбасына көмек көрсетуді сұрады.
Қыстың көзі қырауда отынсыз қалған Рахмановтар жайлы естіген халық қалаулысы сол күні-ақ отбасына 1,5 тонна көмір түсіріп берді.
Жақсылық жасау – үлкен адамгершіліктің белгісі. Әрдайым осындай отбасыларына қолдау білдіріп, көмегін аямай жүрген Темірхан Мәлікұлына мектеп ұжымы алғысын жеткізеді.
