МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен Сырдария ауданында дөңгелек үстел өтті.
Оған аудан әкімі аппаратына қарасты дербес бөлімдер мен ауылдық округі қызметкерлерінің қатысты. Жиында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі талқыланды.
Шарада Департаменттің қызметкері М.Байқуатова мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы құқықтық актілерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берді.