ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСТЫ МАҚСАТ
Аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтудың қазіргі таңдағы негізгі бағыты - жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуды және қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Сырдария ауданы бойынша 2017 жылы 2102 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, онда жұмыспен қамтылғандар саны 5780 адамды құрады. Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 17,5 пайызға өсті. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 2017 жылы құны 13,9 млн теңгені құрайтын 19 жоба грант тетігі бойынша қаржыландырылса, құны 70 млн. 300 мың теңгені құрайтын 3 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылды. Екі жүзден астам тұрғын адам «Бизнес кеңесші» тетігі бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Сырдария аудандық филиалы арқылы оқытылды.
Жалпы, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту бағытында алда да кешенді жұмыстар жүргізіле беретін болады.