«ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ ТӨРЕЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Семинарға соттың кеңсе меңгерушісі Мадина Жүсіпбекова және сот қызметкерлері қатысты.
Шара барысында, кеңсе меңгерушісі М.Жүсіпбекова «Электронды сот төрелігі» бойынша жұмыс тәртібі, кіріс, шығыс және ішкі хат-хабарларды жолдау, қылмыстық істерді тіркеу, осы істер бойынша электронды карточкаларды толтыру тәртібі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен бірге, электронды сот төрелігі сот процесін жеңілдетуге, оның тиімділігі мен қолжетімділігін, ашықтылығын арттыруға бағытталғанын айтып өтті.
Қатысушылар «Электронды сот төрелігі» ақпараттық жүйесін талқылау барысында туындаған сұрақтарына жауаптар алып, өзара пікір алмасты.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі