СЫРДАРИЯ АУДАНЫНА 44,2 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Өткен жылы Сырдария ауданы экономикасына 44 млрд.231 млн.теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге артық, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Алдағы уақытта да аудан әкімдігі инвестиция көлемін арттыру бағытында кешенді жұмыстарды жүргізе береді. Ерекше экономикалық кезеңде инвестиция көлемін арттыру арқылы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру мақсатында тиісті іс-шаралар жоспары бекітіліп, қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Аудан экономикасына тартылған инвестиция жұмыссыздық көлемін азайтып, дамудың даңғыл жолына жетелейтіні сөзсіз. Жалпы, бірлігі бекем аудан инвесторлардың нәтижелі жұмыс жасауы үшін тиімді.