ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТЫҢ 29 МЫҢ ТҰРҒЫНЫ КЕЛГЕН
Мемлекеттік жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу туралы өтініштерімен Қызылорда облысының 29 мыңға жуық тұрғыны келген.
«Қазіргі таңда олардың 42 пайызы жұмыспен қамтылып, оның ішінде бас бостандығынан айыру органдарынан 30 азамат, 400-ге жуық мүгедектер бар» - дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің жетекшісі Жанар Дәулетбаева.
Аймақта жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Сонымен қатар, жастар арасындағы яғни 15 пен 24 жас аралығындағы жұмыссыз жастар – 6 пайыз. Соңғы жылда бұл көрсеткіш 1 пайызға төмендеген.
Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін 9261 жұмыс орны құрылған.
Фариза ОМАРОВА