ЖҮЛДЕГЕРДІҢ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
«Мұз айдыны» спорт кешенінде шайбалы хоккейден ҚР спорт шебері, жастар арасында Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, астаналық бапкер Вячеслав Борисовтың қатысуымен шеберлік сабағы өтуде. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған шараға 2005 және 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер мен жаттықтырушылар қатысуда.
Астаналық бапкер спортшыларға шеберлікті арттыру мен ойын сапасын жақсартудың қыр-сырын, әдіс-тәсілдерін үйретуде. Семинар үш күнге жалғасады.
Сыр өңірінде хоккей бөлімшесі 2013 жылы ашылды. Бүгінде жас ерекшеліктеріне қарай 6 топта 70 спортшы шайбалы хоккеймен шұғылданады. 2015 жылы облыс командасы Өскемен қаласында өткен ҚР чемпионатының қола жүлдегері атанса, Шымкент қаласында өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, биыл 4-9 сәуір аралығында Қызылорда қаласында ҚР чемпионатының үшінші айналымы өтеді.