БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ПРОФЕССОРЛАРЫ КЕЛДІ
Бүгін Оңтүстік Кореядан онколог гинеколог Ким Джон Сиг, гематолог онколог Юн Джин А келді. Оңтүстік кореялық мамандар аурухананың паллиативтік бөлімінде болып, онкологиялық ауруға шалдыққан балаларды қарады.
Профессор Ким Джон Сик бастаған шетелдік мамандар балаларды тексеруден өткізіп, жергілікті дәрігерлерге семинар арқылы қажетті кеңес берді.
Шетелдік меймандар осы сапарында балалар ауруханасының басшылығымен келісімге келді. Соған орай жақын арада қызылордалық дәрігерлер Оңтүстік Кореяда біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.