ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ҚАР ЖАУЫП, БОРАН СОҒАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен құбылмалы күн райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді, боран соғады, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Казгидромет.
Қазгидромет хабарлағандай, республиканың батыс бөлігінде күн ашық болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, боран болады. Павлодар облысында түнде боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дйеін күшейеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Еліміздің оңтүстік облыстарында қардың биіктігі 3-тен 15 см-ге жетті. Таяу күндері республиканың басым аумағында қар жауып, солтүстікте боран, 13-20 м/с жел соғады деп болжануда. Ал оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады. Алдағы екі тәулікте жауын-шашын азайып, түнде ауа температурасы 22-27 градусқа дейін төмендейді, кец жерлерде 30-35 градус аяз болады, ал оңтүстікте сынап бағанасы 10-20 градус аралығында құбылады.