«ОРТАҚШЫЛДА» ОҢДЫ БАСТАМА КӨП
Әкімдердің ел алдындағы есебі аясында Шиелі ауданындағы Ортақшыл ауылдық округінде жиын өтті. Ауылдық округ әкімі Жақсылық Ноғайбаев былтыр атқарылған жұмыстың есебін беріп, биылғы жоспарларға тоқталды.
Ауылда 1 азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» бағдарламасы аясында мал басын көбейту үшін несие алды, Наубайхана ісін қолға алған тағы бір кәсіпкер кәсібін кеңейту мақсатында ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 15 млн.500 мың теңге көлемінде несие алып, жұмыс жасауда.
«Өрлеу» бағдарламасы аясында 2 отбасы қайтарымсыз бір реттік қаражатпен қамтылған. Жыл ішінде ауылда 25 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Ауыл басшысының есебін тыңдаған аудан әкімі Әшім Оразбекұлы әлі де жұмыссыздықты болдырмау бағытында істі ширату қажеттігін атап өтті. Есепті кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.