СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАР ҚАТАРЫ АРТТЫ
Сырдария ауданында балаларды дене шынықтыру және спортқа баулу бағытында 125 спорттық нысан жүйелі жұмыс жасап тұр. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Былтыр ауданда 173 спорттық жарыс өткізіліп, оған 14922 спортшы қатысқан. Жалпы аудан бойынша 10630 тұрғын жүйелі түрде спортпен айналысуда. Бұл тұрғылықты халықтың 27,2 пайызы саламатты өмірге ден қойғанын көрсетеді.
Биылғы жылы да аудан орталығы мен ауылдық округтерде түрлі спорттық іс-шаралар өткізілмек. Оның ішінде, Сырдария ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай республикалық деңгейде қазақша күрестен турнир ұйымдастырылады.