ЖАҢА ЗАМАННЫҢ ЖАҢА ТАЛАБЫ

Әлем қазір ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді.
Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің талабы да – осы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы осы талаптарға сай болуымызды көздейді, – деді аймақ басшысы.
Жолдаудан туындайтын міндет-межелерді саралаған аймақ басшысы «Қазақстан - 2050» Стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын бір-бірінен ажыратып қарауға болмайтынын атап өтті. Бұл Жолдаудың елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерістерінің логикалық жалғасы екендігін жеткізді.