АУЫЛДЫҢ ӨЗ АЛМА БАҒЫ БОЛАДЫ
Есеп беру жиынында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мен ауылдық округ әкімі Кажденбек Маматов былтыр атқарылған істерге тоқталып, тұрғындарды осы жылдағы жоба, жоспарлармен таныстырды.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің осы ауылдан өтетін тұсынан жеке кәсіпкер «В» санаты бойынша жобалық құны 200 млн. теңге болатын сервистік қызмет көрсету орталығының құрылысын бастады. Биыл сондай-ақ, жалпы аумағы 5 гектар жерге алма бағын егу жоспарлануда.