ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
«Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисті, қаржы саласының құрметті ардагері Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық турнир өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа қаржы мекемелерінен 9 команда қатысып, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Жарыс нәтижесінде Ұлттық банк Қызылорда филиалының командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерін 6:1 есебімен ұтты. Үшінші орынды қаржы және экономика басқармаларының құрама командасы алса, төртінші орынды Жалағаш ауданының құрама командасы қанағат тұтты.
«Үздік қақпашы» - Бауыржан Сапаров (Қаржы және экономика басқармалары), «Үздік қорғаушы» - Ғабит Ербол (Жалағаш ауданы), «Үздік шабуылшы» - Төлеу Серікбаев (Мемлекеттік кірістер департаменті), «Үздік бомбардир» - Кеңес Маханбетов (Ұлттық банк), «Үздік ойыншы» - Дінислам Асылбекұлы (Ұлттық банк) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, ақшалай сыйақы берілсе, номинация иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды.
Жарысты ұйымдастырушылар: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қаржы басқармасы және Шөкеновтер отбасы.