ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР КӨБЕЙДІ
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері 9%, жәрдемақылар 7% арттырылатын болады. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Төреахмет Жолымбетов мәлімдеді.
Елбасының биылғы жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында «Үкімет алдына барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде қамтамасыз ету нақты міндеті қойылып отыр» деген болатын.
Төреахмет Сайлаубайұлының айтуынша келесі жылдың 1 шілдесінен бастап, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мөлшері 25% артады екен.
Айта кетейік, ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Заңы қабылданды. 2014-2016 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджетте» зейнетақы төлемдерінің мөлшерін осы жылдың басынан бастап, арттырылғанын қоса есептегенде, 1 сәуірден бастап зейнетақы мөлшері – 14%, жәрдемақылар – 12% дейін арттырылды.
Фариза ОМАРОВА