ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес Шіркейлі ауылдық округінде аудан әкімі Ғ. Қазантаевтың есеп беру жиыны өтті. Жиынға облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрманов, облыстық мәслихат депутаты Жанарбек Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Есеп беру кездесуінде аудан әкімі Ғанибек Қазантаев жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, баяндама жасады. Жоспарлар артығымен орындалғанын жеткізген аудан басшысы 2016-2020 жылдарға арналған "Даму" бағдарламасы аясында ауданда 2,7 млрд.теңгені құрайтын 64 жоба жүзеге асқанын атап өтті.
Сонымен бірге, 39 ауылшаруашылығы кооперативі құрылғанын айтып, көш басындағы ауданның келешегі кемел екеніне тоқталды.
Есеп беру жиынында Шіркейлі ауылының әкімі Талғат Құламқадіров пен ауылдық учаскелік полиция инспекторының 2017 жылы атқарған есебі тыңдалды. Кездесуде аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева мен Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасады.