РЕСЕЙДЕ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАҒА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Елшіліктің ақпаратына қарағанда, рәсімге жергілікті мемлекеттік органдардың, ардагерлер мен басқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері, аймақтағы қазақ диаспорасы, жергілікті мектептің оқушылары қатысқан.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Қазақстанда дүниеге келген, кейіннен оның отбасы Ленинградқа көшіп барған. 1942 жылы олар Вятское селосына эвакуацияланып, онда жергілікті мектепте жеті ай оқиды. Сосын ол Рыбинский авиациялық техникумға түседі, үш айдан соң майданға сұранады.
1944 жылы ол Псков облысында Казачиха деревнясы қасындағы шайқаста ерлікпен қаза болады. Қайтыс болған соң оған Кеңес Одағының батыры атағы берілген.


