ЕҢБЕКШІДЕ БИЫЛ 3 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түтіні түзу ұшқан Еңбекші аудандағы тірек ауылдардың бірінен саналады. Ауыл әкімі Б.Омаровтың есебінде былтыр 8 жеке кәсіпкер, 3 шаруа қожалығы, 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тіркеліп, нәтижесінде 38 ауыл тұрғыны екі қолға бір жұмыс тапты. Сонымен бірге, құрылысы басталған 3 әлеуметтік нысан – 90 орындық балабақша, 150 орындық мәдениет үйі және 120 орындық спорт кешені жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі.