ЕЛ ПІКІРІ ҰДАЙЫ НАЗАРДА БОЛАДЫ
Бүгін Ботабай елді мекен тұрғындары алдында аудан әкімі Ә.Оразбекұлы мен Қоғалы ауылдық округінің басшысы Д.Нәсібеков тұрғындарға есеп берді. Кездесуде жыл бойы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды.
Бүгінде Қоғалы ауылында 176 отбасы, 19 шаруа қожалық, 8 жеке кәсіпкер және «Айбек» ЖШС жұмыс жасайды.
Жыл ішінде атқарылған жұмыспен танысқан тұрғындар өздерінің ұсыныс-тілектерін айтып, сауалдарын қойды.