АВТОБЕКЕТ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
Қалада заманауи талапқа сай автобекеттің құрылысын жүргізу мақсатында жасалған жобаның бірнеше нұсқасы бүгінде қаралуда. 2015 жылы бұл мәселе шешімін тауып, құрылысы жүргізілетін болады. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов мәлімдеді.
- Бұдан бөлек, келер жылы қаладағы үлкенді-кішілі 50 көше жөндеуден өткізілмек. Ал Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің Қызылорда облысына тиесілі бөлігі 2015 жылы толығымен аяқталады. Бүгінде дәліздің Қармақшы ауданы тұсындағы жолдарды асфальттау жұмыстары жүргізілуде, - деді М.Бәйімбетов.
Шынар БЕКБАН