ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ ЖҰРТ РИЗА

Бүгінде ауылдық округте 156 отбасы тұрады. Өткен жылы елдімекендегі 5 шаруа қожалығы біріктіріліп, «Керемет» атты кооператив құрылды. Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ауыл тұрғыны Мырзабек Исаев 17 бас сиыр сатып алып, мал бордақылау жұмыстарымен айналысуда. Сондай-ақ, Рахия Мырзабаева 1,5 млн. теңге, Ерназ Ақпамбетов 2 млн. теңге қаржы алып, осы түлік түрін көбейтуде.
2017 жылы 50 орындық 2 топтық «Жанель» атты жеке балабақша ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында ауылдың 3 тұрғыны курстан өтіп, кәсіптерін бастады.