«ҚАЙСАР» ҚҰРАМЫНДА ТАҒЫ БІР МАРТИНИКА ОЙЫНШЫСЫ ОЙНАУЫ МҮМКІН

Жиырма тоғыз жастағы тəжірбиелі футболшы командаға 17 қаңтар күні таңертең қосылды. Иоанн Аркин соңғы маусымда Англияның «Мансфилд Таун» командасында ойнаған. Осы команда сапында 12 матч өткізіп, 2 доп соққан. Шабуылшы Франциядағы Гавр қаласының тумасы. Спортшының трансферлік бағасы 150 мың еуро.
Салмағы 189 келі тартатын Иоганн Аркин Сыр командасындағы тағы бір Мартиника легионері Матиас Курьордің немере ағасы болып шықты.
Матиас Курьор бауырының «Қайсар» құрамында ойнау туралы ниетін құптайды екен. Ол Иоганның команданың шабуылына дем бере алатын ойыншы екендігін айтады.