ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАҒАН ЖИЫН
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Ә.Баякеев жеке құрамы алдында баяндама жасап, онда Жолдаудағы басым бағыттар мен міндеттерді іске асыру бойынша егжей-тегжейлі тоқталды. Президенттің Жолдауы осы кезеңде мемлекеттің дамуының негізгі бағыттарын айқындайды, яғни әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Өз сөзінде Ә.Баякеев әр қызметкердің міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып қала беретінін атап өтті.
Іс-шара соңында өрт сөндіру бөлімдер басшыларына нақты тапсырмалар берілді және жаңа кезең міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру бағыттары белгіленді.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі