ОБЛЫС ШАХМАТШЫЛАРЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН АЛДЫ
Алматы қаласында шахматтан жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Дүбірлі додада Қызылорда облысының құрама командасы 12 медаль олжалап (6 алтын, 5 күміс, 1 қола), жалпыкомандалық сында екінші орынды иеленді.
Бірінші орынды Астана, үшінші орынды Алматы қалаларының спортшылары еншіледі.
Жекелей есепте классика және рапид бойынша Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали қос-қостан алтын медаль жеңіп алса, Кәусар Али классикадан – алтын, рапидтен – күміс жүлдеге ие болды.
Рапид бойынша Сұлтан Аманжол екінші, Сақыпжамал Бармағамбетова үшінші орындарды иеленді. Ал Назерке Нұрғали блиц түрі бойынша ел чемпионатының үшінші алтынын жеңіп алды.
Сондай-ақ, шахматтың осы түрінен Әсел Серікбай, Ақылжан Мейірханұлы және Сақыпжамал Бармағамбетова екінші орыннан көрінді.