МАЛ ҰРЛАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ШЫҚТЫ
Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотталушы А., Т. және Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар алдын-ала сөз байласу арқылы жәбірленуші Ә.-ның иелігіндегі 75 ұсақ малын ұрлап, сатып бас пайдаларына жаратып, мал иесіне 2374000 теңге көлемінде мүліктік зиян келтірген.
Аталған қылмыстық іс бойынша процестік прокурор мен сотталушылар арасында кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасалған.
Сот үкімімен сотталушылар ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 63 бабының негізінде бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп саналды.