ҚЫЗЫЛОРДАРЛЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері аймақтық коалициясының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктер басшылары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, белсенді жастар, БАҚ өкілдері қатыстып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады.
Кеңес отырысын ашқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев алдымен тарихи құжаттың негізгі бағыттарына сипаттама беріп өтті. Ол өз сөзінде Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын айқындап отырғанын жеткізді. Ендігі мақсат – Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат міндеттерді халыққа саналы етіп жеткізу мен сапалы орындау.
Кеңес отырысында коалиция құрамындағы барлық партия өкілдері ойларын ортаға салып, үкіметтік емес ұйымдар пікірлері тыңдалды.
Жиын қорытындысы бойынша аймақтық коалиция өкілдері Үндеу қабылдады.