СЕМИНАР ТЫҢДАУШЫЛАРЫ МЕКТЕПТЕ «КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ҚОСУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында «дуальды білім беру жүйесінің жол картасын» жүзеге асыру барысында белсенді жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, жастарды кәсіпкерлікке баулу бойынша жасалып жатқан жұмыстар аз емес.
Кәсіпкерлер палатасының облыстық білім, ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен және «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорымен бірлесіп, жастардың кәсіптік бағдарлануын жүйелендіру бойынша Бірлескен іс-шаралар жоспарын жасап шыққан-ды.
Осы орайда жуырда Қызылордадағы №9 мектеп-лицейде сәндік-қолданбалы өнер көмегімен оқушыларды кәсіпкерлік қызметке тарту мәселелеріне арналған семинар өтті.
Басым көпшілігін «Технология» пәнінің мұғалімдері құраған семинар тыңдаушылары мектептегі оқу процесіне «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін қосудың пилоттық жобасымен танысты.
Мұғалімдер де назардан тыс қалмады. Сонымен, «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының Қызылорда филиалының қолдауымен «Кәсіпкерлік және кәсіптік бағдар жұмысы негіздері» пәні бойынша (72 сағат) облыстағы мектептердің 30 мұғалімі мен колледждердің 10 оқытушысы үшін біліктілікті көтеру курсын өткізу жоспарлануда. Оқытудан өткен мұғалімдер оқу жылының соңында өткізілетін бизнес-идеялар байқауына оқушыларды дайындауға тиіс. Байқау жеңімпаздарына «Арай-Sunrise» жазғы лагерінің экономикалық ауысымына жолдамалар табысталмақшы.
Шынар БЕКБАН