МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ХАЛЫҚТЫҢ САЯСАТҚА АРАЛАСУЫН АРТТЫРАДЫ
Жуырда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 10 маңызды міндетті белгіледі, оларды шешу еліміздің жаңа әлемнің көшбасшылары қатарына енуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қабылданатын шаралар жайлы Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов айтып өтті.
«Бұл міндеттер біздің еліміздегі Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізу қажет болатын барлық салаларға қатысты, оның мегатренді жан-жақты цифрландыру болып табылады. Сонымен қатар бұл тиімділігін арттыру және қоғам мүдделерін ескеру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесіне де қатысты.
Мәселен, Жолдау-2018 «Тиімді мемлекеттік басқару» сегізінші міндетінің аясында Президент мынаны тапсырды: «мемлекеттік органдар азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын нақты уақыт режимінде ескеруі және жедел әрекет етуі үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануы тиіс».
Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде жаңа ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік медианың дамуына байланысты қоғамдық, оның ішінде саяси да кеңістікті цифрландыру мен виртуалдандыру жүріп жатыр.
Мысалы, Марк Цукербергтің әлеуметтік желісінде 1,6 млрд астам қолданушы бар. Егер Facebook бір ел болса, ол Қытайдан да асып түсіп, әлемдегі халық ең көп қоныстанған ел болар еді. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай аталған желіні қолданушылар саны 5 млрд адамға жетпек.
Виртуалды коммуникациялардың бұлай қарқынды дамуы үлкен мүмкіндіктермен қатар, әлеуетті қатерлер де тудырады. Сондықтан цифрландыру дәуірінде елдердің тиімділігі төмен насихат құралдары тетіктерінен біртіндеп бас тартып, қоғамдық-саяси үрдістерге бұқара халықтың басым бөлігін тартумен интерактивті коммуникация модельдеріне көшу арқылы мемлекеттік коммуникативтік саясат саласында заманауи тәсілдерді әзірлеуінің маңызы өте зор.
Айтпақшы, біздің Еуразиялық интеграция институты 2017 жылы шығарған «Қазақстан Республикасындағы коммуникативтік саясат: қазіргі жай-күйі және перспективалары» атты ұжымдық монография нақты осы тақырыпқа арналған.
Аталып өткен үрдістер азаматтық қоғамның дәстүрлі институттарының танымалдығының төмендеуінен байқалады. Саяси акторлардың онлайн түрде қатысуы біртіндеп алға басуда. Осылайша, қолданыстағы жаңа технологиялар кез-келген азаматқа тәулік бойы онлайн режимінде болуға және өз пікірін ашық білдіруге мүмкіндік береді. Электронды демократия түсінігі көпшілікке танылып жатыр. Бүгінгі күні теледидар жаңалықтарындағы немесе ақпараттық агенттіктердегі әрбір үшінші сюжет саяси, қоғам қайраткері немесе өзге де желілік белсенділердің әлеуметтік желідегі ресми аккаунтындағы ақпаратқа сілтеме жасайды.
Осыған байланысты кейбір сарапшылар Facebook, YouTube және Twitter секілді әлеуметтік желілердің қазақстандық сегменті саясаттанып бара жатқанын айтады. Алайда, әлеуметтік желілерді саясаттандыру біздің еліміздің саяси кеңістігінде толық үстемдік ету дегенді білдірмейді.
Мәселен, 2017 жылы EИИ жүргізген зерттеу көрсеткендей, теледидар ақпарат тарату көздерінің ішінде сұраныс бойынша абсолютті көшбасшы ретінде сақталған. Біздің мәліметтерге сәйкес, ел халқының кем дегенде 60%-ы елдегі және әлемдегі оқиғалар туралы, бірінші кезекте, теледидардағы жаңалықтардан іздеп көреді.
Интернет баспаны ығыстырып, танымалдығы бойынша екінші орынға шыққанымен, ағымдағы жаңалықтарды алудағы ақпараттың негізгі көзі ретіндегі сұранысы төмен деп жауап берді сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 18,3%-ы.
Әлеуметтік медиа құралдарына негізгі ақпарат көзі ретінде сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың тек 4,8% ғана жүгінеді. Сондықтан, осындай көрсеткішті есепке ала отырып, әлеуметтік желілер бүгінгі күні барлық қазақстандықтардың көңіл-күйін толығымен көрсетеді деп айту дұрыс емес.
Мәселен, Facebook-ке (интернет пайдаланушылардың саяси және азаматтық позициясы көбіне осы әлеуметтік желіде байқалады) 18 жастан асқан қазақстандықтардың тек 15,3%-ы тіркелген. Ел азаматтары «ВКонтакте» (32,9%) және «Одноклассники» (18,5%) секілді әлеуметтік желілерге көбірек тіркелген. Қазақстандық респонденттердің 42%-ы әлеуметтік желілерде мүлдем тіркелмегенін атап өтті.
Бұл халықтың басым бөлігінің әлеуметтік медианы дүрліктіретін мейнстриммен қамтылмағанын білдіреді. Мысалға, сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 2,7% ғана ҚР-да және шетелде болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттардың негізгі көзі ретінде Facebook-ті атады.
АҚШ басты орталықтарының бірінің (Pew Research Center) ғалымдары да осындай бағалауды ұстанып отыр. Бірнеше жыл бұрын олар Twitter микроблогі-платформасын талдап, әлеуметтік желілердегі адамдардың әрекетін қосымша мәнмәтінсіз жалпы қоғамдық пікірмен жалпылауға болмайды деген қорытындыға келді.
Оған қоса, осы дәйекті ескере отырып, әлеуметтік медианың еліміздегі саяси және қоғамдық диалогтің қалыптасуындағы рөлін жоққа шығарғанымыз қателік болар еді. Әлеуметтік желілерде ұсынылған сегменттің еліміздің азаматтарының басым бөлігінің пікірін көрсетпейтініне қарамастан, менің көзқарасым бойынша, Қазақстанда әлеуметтік желілердегі саяси және азаматтық белсенділік дамытуға әлеуетке ие.
Үрдістер мынадай, электронды коммуникация құралдарымен бекітілген және күшейтілген халық дауыстары көбірек саяси мәнге ие болады. Бұл жаңа және ұзақмерзімді саяси тренд екені анық.
Осыған байланысты, жалпы нақты уақыт және тез жауапты әрекет ету режимінде азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын есептеу үшін өзінің коммуникациялық арналарын цифрландыру мәселесіндегі мемлекеттік органдардың және мемлекеттік басқару жүйесінің проактивті позициясы Қазақстанның саяси жүйесінің дамуының озық және әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу бойынша ұзақмерзімді мақсатты шешудің маңызды факторы болып табылады.