МЕРЕКЕДЕ ҚАУІПСІЗДІККЕ МӘН БЕРЕЙІК!
Қызылорда ТЖД қызметкерлері осы мереке кезінде облыс су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары халықтың назарына су айдындарында сақ болуын және мұқият болуларын сұрайды.
Суға түсерде алдымен сырт киімді, бірнеше минуттан соң аяқ киімді, содан кейін белге дейін шешініңіз, тек содан соң ғана суға кіріңіз. Шомылудың алдында денені кез келген майлы креммен немесе зәйтүн майымен ысқылаңыз. Суда 1 – 2 минуттан артық болмаңыз.
Суық суда ұзақ уақыт болғанда сіңір тартылып, адам естен тануы мүмкін. Суға шомылғаннан кейін әбден құрғағанша сүртіну және жылы киім кию керек.
Осы мерекелеу күннің қарсаңында жасақ құтқарушылары 2018 жылдың қаңтар айының 16-сы күні «ПМК-29», «Ягодка», «КОПЭС», «Эдельвейс» саяжайлары және Қызылорда қаласының тұрғындарына су айдынында қауіпсіздік ережелерінің үнпарақтарын таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-сі құтқару стансасының жанында аталған шараларға арнайы орын белгіленіп су алушы мен түсушілерге басқыштар дайындалып шіркеу өкіліне, «Славяне» этно – мәдени орталығы басшысына және саяжай қоғамдары басшылықтарына хат жолданды. Сонымен қатар, кезекшілік ұйымдастырылып, құтқарушылардан 3 жедел топ құрылды.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы