АРАЛДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев бекіткен «2018 жылға арналған Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Қызылорда облыстық аумақтық құрамдас бөлігін дайындау жөніндегі іс-шаралар» жоспарына сәйкес Арал ауданында «Қыс және көктем кезеңінде су тасқынының қолайсыз дамуы жағдайындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жүргізілетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу жаттығу барысында азаматтық қорғау құрылымы және төтенше жағдай қызметтерімен авариялық құтқару жасағына «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің №20 қалалық су тарату насос станциясында саптық қарау жүргізілді.
Сонымен қатар, оқу жаттығу барысында «Батыс Еуропа – Бастыс Қытай» тас жолындағы қар құрсауында қалған 1 жеңіл автокөлікті құтқару туралы арнайы тапсырма беріліп, азаматтық қорғау құрылымы және төтенше жағдай қызметтері іске кірісті.
Құтқару кезінде 1 жолаушыға алғашқы медициналық қызмет көрсетілді. Автокөлік қар құрсауынан шығарылып, қалған жолаушылар эвакуциялық қабылдау пунктіне жеткізілді.
Командалық-штабтық оқу–жаттығуға аудандық азаматтық қорғау және төтенше жағдай қызметтерінің 160 жеке құрамы мен 30 техника қатыстырылды.