ҚЫЗЫЛОРДАДА АҚБӨКЕН АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 10-14 қаңтар аралығында экологиялық қылмыстардың алдын алу мен браконьерлік әрекеттердін жолын кесу мақсатында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы өткізілді.
Шара аясында14 қаңтар күні автокөліктерге тексеру жүргізу барысында Қармақшы ауданының тұрғынының басқаруындағы «Тойота-Ланд-крузер» автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көліктен қапқа оралған үш ақбөкен табылды, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі. Бұдан басқа, еш құжаты жоқ 1 дана 12 калибрлі, 1 ұңғылы аңшы мылтығы, 7 дана атылмаған оқ, 1 дана ағаш сапты пышақ тәркіленді.
Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінде СТТБТ-де тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.