КЕЗДЕСУДЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Сәлімжан Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында бас маман А.Сәлімжан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы мемлекеттік саясатының басымды бағыттарына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияның мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау шараларына тоқталды және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің зардаптарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, аталған кездесуде қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға заң шеңберінде жауаптар берілді.