ЕРІКТІЛЕР КӨМЕГІ
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен еріктілер тобы қала тұрғыны Тастыбай Әжбеновтің қолғабыс етті.
Бірінші топ мүгедегіне отын жарып, ауласындағы қарды шығарып көмек көрсеткен жастар елімізде ешкімнің де қамқорлықтан қағажу қалмайтындығын көрсетті.
Жастардың жәрдеміне тәнті болған Т.Әжбенов батасын беріп, алғысын жеткізді.