ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.С.Мұхимовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында 6 мәселе қаралды. Алғашқы екі мәселеде Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Есмахановтың және Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Ә.Бегайдаровтың тәртіптік істері қаралды.
Өз кезегінде, А.Есмахановтың іс-әрекетінде заң бұзушылық байқалмағандықтан, Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен қозғалған тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылданды.
Ал қысым көрсету арқылы балабақша меңгерушісін жұмыстан шығарғаны үшін Кеңес мүшелері Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Ә.Бегайдаровқа «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолдануды ұсынды.
Келесі мәселемен облыстық денсаулық сақтау басқармасының конкурстық комиссия мүшелері Ж.Абдусаметовтың, Б.Кеншімбаеваның, Б.Бурамбаеваның, М.Достанованың тәртіптік істері қаралды.
Бұл орайда, комиссия мүшелері конкурс өткізу талаптарын сақтамай, заң бұзушылықтарға жол бергені үшін Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен конкурстық комиссия мүшелеріне «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолдануды ұсынылды.