БАЛАБАҚШАДАҒЫ ӨРТ ЖЕДЕЛ СӨНДІРІЛДІ

Балалар аязға тоңып қалмауы үшін жақын маңдағы №278 орта мектепке тасымалданды. Жалпы өрт сөндіру барысында 165 бала мен мекеменің 29 қызметкері қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Лаулаған жалынның алдын алуда №1, 8 өрт сөндіру бөлімінің мамандары кәсіби деңгейлерінің жоғары екендігін байқатты. Олар 11:22-де жалынның десін басып, көп ұзамай өшірді.
Қазір осы оқиғаның себебі зерттелуде.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
