ЗАҢСЫЗ ОЙЫНХАНА АНЫҚТАЛДЫ

Қызылорда қаласының сауналарының бірінен табылған казинодан 532000 теңге, 600 АҚШ доллары, покер үстелі мен фишкалар және ойын картасы айналымнан алынды.
Аталған факт негізінде қылмыстық іс қозғалды, қазіргі кезде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапкершілікке, сол жерде болған ойыншыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы тергеу әрекеттері жүргізілуде.

