«РЕСЕЙҒАРЫШ» БАСҚАРЫЛАТЫН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША 2014 ЖЫЛҒЫ ҰШЫРЫЛЫМДЫ АЯҚТАДЫ
24 қарашадағы «Союз ТМА-15М» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылымы басқарылатын бағдарлама бойынша 2014 жылғы ұшырылым бағдарламасын ойдағыдай аяқтады, деп хабарлады «Ресейғарыштың» баспасөз қызметінен.
Жыл қорытындысы бойынша Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш экипаждарын Халықаралық ғарыш стансасына жеткізу және оларды Жерге қайтару үшін басқарылатын төрт кеме ұшырылды (24 наурызда - «Союз ТМА-12М», 28 мамырда - «Союз ТМА-13М», 26 қыркүйекте - «Союз ТМА-14М», 24 қарашада - «Союз ТМА-15М»).
Бұл ғарыш кемелерінде ХҒС-ына алты ресейлік ғарышкер, төрт НАСА автронавты, екі еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты ұшты.
Бүгін ғарыш мамандары кезекті «Союз ТМА-16М» басқарылатын ғарыш кемесін дайындауға кірісті, оны ұшыру 2015 жылғы наурыздың аяғына жоспарланды.
ХҒC-43/44 экипажының құрамында ұшуға Геннадий Падалка (Ресейғарыш), Михаил Корниенко (Ресейғарыш), Скотт Келли (НАСА) және Алексей Овчинин (Ресейғарыш), Сергей Волков (Ресейғарыш) және Джеффри Уильямс (НАСА) дайындалады.
Ол кезде алғаш рет ұшу барысында екі экипаж мүшесі Халықаралық ғарыш стансасында жарты жыл емес, бір жыл болады, деп атап өтті «Ресейғарыштың» баспасөз қызметінен.