ЖОЛДАУҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы еліміздің дамыған 30 елдің қатарына жеделдетіп қосылуына мүмкіндік беретін бағыттарға басымдық берумен ерекшеленіп отыр.
Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жайғдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы - болашақтың кепілі екенін жас буынға жеткізе отырып, әрбір Қазақстан азаматының өмірін жақсартуға арналған, нақты істі атқаратын бағдарлама екенін жете түсіндіру.
Маңызды он бағыттан тұратын Елбасы Жолдауы - жаңа мақсаттарға жетелейтін басты құжат болып табылады. Биылғы жолдау ел экономикасына жаңа импульс берері де анық және де бұл жолдау біздің елдің экономикасын әрмен қарай дамуына септігін тигізетініне, елміздің рухани дамуын қамтамасыз етпек.
Көрмеге А.Тәнікееваның «Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері», К. Хамитованың «Экономика және кәсіпкерлік негіздері», А.Есентүгеловтің «Экономика независимого Казахстана», «Человеческий фактор» І, ІІ, ІІІ томдығы, А.Сұлтанбекованың «Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар», С.Глозьев пен О.Сәбденнің «ХХІ ғасырдың технологиялық жаңғыруы» атты кітаптары мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар қойылды.