САПАСЫЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНУЫ МҮМКІН
Қазақстандық шенеуніктер сапалы қызмет көрсетпеген ұялы байланыс операторларына айыппұл шараларын енгізуді қалайды. Мұндай жаңалық туралы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз ұялы телефондардың байланысы сапалы болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біз ұялы байланыстың сапасын тексеретін, соңғы техника бойынша жабдықталған машина мен автомобильді көрсеткен едік. Ашығын айтқанда, бізге ұялы байланыс операторларына қолданатын шаралар туралы нақты заң жетіспейді", - деді Жұмағұлов Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму, Экономикалық реформа және өңірлік даму, Қаржы және бюджет комитеттерінің "Нұр Отан" партиясы фракциясы жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің отырысында.
Ол сондай-ақ бұл заң жобасы бүгінгі таңда Мәжілістің қарауында екенін айтты. "Біздің егер ұялы байланыс операторы байланыс сапасын қамтамасыз етпесе, онда айыппұл шараларын енгізу керек деген ұсынысымызды мақұлдайсыздар деп сенемін. Ұялы байланыс сапасын арттыру үшін біз осындай механизмді ұсынып отырмыз", - деді вице-министр.