ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАСТАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТІ ҚАЛАЙДЫ
Электронды қызмет көрсетуге көшу – жемқорлықты жоюдың басты құралы. Осы қағиданы берік ұстанған қызылордалық жастар жаппай Egov порталын меңгеріп жатыр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасымен аймақтың жоғары және орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде қолданудың тәсілдері үйретіледі.
Жуырда осы бағытта арнайы жоспар бекітіліп, 4 жақты меморандум жасалған. Ортақ келісім шеңберінде Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары колледж-университеттерде электронды үкімет веб-порталын насихаттау басталып кетті.
Абзал Мұхимов, агенттіктің облыстық департаментінің директоры:
- Қазіргі таңда Қызылорда облысында электронды қызмет көрсетудің үлесі 33%-ды құрап отыр. Яғни әрбір азамат қолындағы смартфон, планшет арқылы үйінде, жұмысында немесе жолда келе жатып, өзі қалаған кез келген мемлекеттік қызмет түрін пайдалана алады. Департаменттің басты мақсатының бірі жыл аяғына дейін электронды қызмет түрін ұлғайтып, мүмкіндігінше 50%-ға жеткізуге жұмыстар атқарып жатырмыз.
24.kz