«БИ НҰРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен алғашқы рет Достық үйінде «Би нұры» фестивалі өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің, орта білім беру ұйымдарының хореграфиялық ұжымдары, қалалық балалар және жасөспірімдер би ансамблдері, жалпы барлығы 16 топ қатысты.
Фестивалдің мақсаты жастардың бойындағы шығармашылыққа деген талпынысын арттыру, хореография өнерінің кең ауқымда дамуына атсалысу, өскелең ұрпаққа еліміздің басты байлығы – Қазақстан халқының достық пен бірлігін дәріптеу. Би өнері арқылы этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау болып табылады.
Фестиваль екі кезеңнен тұрады. Халық биі және таңдау бойынша еркін тақырыптағы би қойылымы. Оған 9-13 жас және 14-18 жас аралығындағы балалар қатысты. Қазылар алқасы би ұжымдарын орындаушылық шеберліктері, шығармаларының композициялық құрылымы мен сахналық қимылы, киім үлгісі бойынша бағалады.
Жеңімпаздар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы баспасөз қызметі