ОҚУШЫЛАР ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Экскурсия барысында оқушылар өрт сөндіру техникаларымен, жабдықтармен танысты. Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Б. Байниязов оқушыларға өрт сөндіру бөлімінің қызметі туралы айтты.
Әңгіме барысында «Көкшетау техникалық институтының студенттің тарихы» туралы фотоальбом мен бейнеролик көрсетілді.
Экскурсия соңында құтқарушы мамандығына қызығушылық танытқан оқушыларға байланыс телефондары мен оқу орны туралы жадынамалар таратылды.
Еламан ЕШМАҒАМБЕТОВ,
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі ММ
№12 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы,
азаматтық қорғау лейтенанты.
